RU
"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі өзінің бес әйелі барын айтып, елді таңырқатты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі өзінің бес әйелі барын айтып, елді таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Танымал "Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Нұрлан Әмір өзінің бес әйелі барын мойындады. Бүгінгі таңда әнші бес әйелінен алты бала сүйіп отыр деп жазады "7" арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші бағдарлама барысында тіпті бірнеше әйелін күйеуге бергенін де жасырмай айтып берген.

"Менің бес әйелім бар. Алты балам бар. Тұрмысқа шыққысы келгенін жіберіп жатырм. Ең кішісі мен біріншісі тұрмысқа кетті. Ұлым бар. Екіншісі де бір қызыммен тұрмысқа шықты. Ең кіші әйеліммен жас аралығымыз - 20 жас. Заңды некем тек үшінші әйеліммен. Уақыт өзі бәрін орнына қояды", - деді Нұрлан Әмір.

Айта кетейік, "Нұрлан мен Мұрат" тобының екінші әншісі Мұрат Қожа да бірінші әйелін үш қызымен тастап, өзінен бірнеше жас кіші қызға үйленген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Әмір осыдан біраз уақыт бұрын құмар ойынның құлына айналғанын жасырмай айтып берді.

Сіздің реакцияңыз
39
5
3
6
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel