RU
Ақтөбеде бұрынғы лауазымды полицей бес жылға сотталды

Ақтөбеде бұрынғы лауазымды полицей бес жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық Полиция депртаменті бастығының бұрынғы орынбасары Алтай Аңшыбаевқа сот үкімі шықты. Судья полиция полковнигін бес жылға бас бостандығынан айырыған деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

Фото сот залынан

Фото сот залынан

Бес жылға сотталған Аңшыбаев жазасын қауіпсіздігі орташа жазалау орнында өтейді. Бұрынғы полицей сот үкімімен полковник атағынан да айрылған.

Сотталушы жазасын өтеп шыққаннан кейін де мемлекеттік мекеме, банктерде лауазымды қызметте енді жұмыс істей алмайды. Департамент басшысының бұрынғы орынбасарына үкім оқылғанда сот залына сотталушының әріптестерін шақырған.

Фото сот залынан

Фото сот залынан

Еске сала кетейік, Алтай Аңшыбаев "Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны талан-таражға салды" деген айыппен өткен жылдың мамыр айында қамауға алынған болатын.

ҚР ҚК-нің 189 баппен айыпты деп танылған шенді мемлекетке 12 848 900 теңгеге шығын келтірген. Ол жөндеу жұмысына бөлінген ақшаның тиісінше жұмсалуын қадағаламаған. Аңшыбаев полиция бөлімшелеріндегі терезе ауыстыру, шатыр жөндеу және әртүрлі сантехникалық жұмыстардың аяқталғанына көз жеткізбей, актке қол қойып, қабылдау жұмыстарын жүргізген.

Департаменттің шаруашылық жұмыстарына жауапты 54 жастағы полиция полковнигі құқық қорғау саласында 29 жыл қызмет атқарған.

Фото сот залынан

Фото сот залынан

Төрт баласы бар, оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Сотта шендінің бауыр церрозына шалдыққаны, күрделі операция жасалғаны айтылды. Бірақ, сот-медициналық сараптама сотталушының өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтқан.

Ол абақтыда отырып та, медициналық қызметкерлердің бақылауына алынбақ.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel