RU
Гонконг көшелерінде санын жалтыратқан отандық актриса сынға ұшырады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гонконг көшелерінде санын жалтыратқан отандық актриса сынға ұшырады (видео)

Рассказать Вконтакте

Динара Бақтыбаеваның Instagram парақшасына жүктеген видеосы елдің ашуын тудырды. Желі оқырмандары өзге елде санын жалтыратып жүрген отандық актрисаның қылығына шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық кино саласының жас жұлдызы жариялаған бейнежазба желідегілер арасында қызу талқыға түскен.

Көпшілікке Динара Бақтыбаеваның санын жалтыратып тұрған көйлек киіп алғаны жақпай қалған. Оған қоса, оқырмандар актрисаның төсін айқара ашып тұрған образын сынап тастады.

"Есің барда етегіңді жапқаның дұрыс" , "Бәрі онсыз да көрініп-ақ тұр, жалаңаш шыға салмадың ба" , "Өзің сондай айдай сұлу қызсың, неге ашық-шашық көйлек киіп алғансың" , "Тым ашық әрі ерсі деп ойлаймын" , "Жақсы көріп қарайтын актрисалардың бірі едің. Өкінішті, көңілім қалып қалды" , "Шет елде етек ашып жүретін күйге жеттіңдер ғой, қазақ қыздары" , - деп жазуда көпшілік.

Анықталғандай, видео жарнамалық бағытта Гонконг қаласында түсірілген.

Сіздің реакцияңыз
18
1
3
2
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel