RU
Светлана Жақыпова бұрынғы басшысы Әбілқасымова жайлы пікір білдірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Светлана Жақыпова бұрынғы басшысы Әбілқасымова жайлы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова бұрынғы басшысы, бүгін ғана Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған Мадина Әбілқасымова жайлы ойын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Жақыпова, Әбілқасымова. Фото: zakon.kz6 primeminister.kz

Жақыпова, Әбілқасымова. Фото: zakon.kz6 primeminister.kz

"Менің ойым: бұрынғы басшым кез келген тапсырманы орындай алады. Ол өте білікті әрі кәсіби адам. Сондықтан бәрі сәтті болсын деп тілеймін", - дейді Жақыпова.

Вице-министрдің ойынша, экс-министр Мәдина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрлігінде отырса, Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз ұстанымын жеріне жеткізіп, дәлелдей алады.

Себебі М.Әбілқасымова осы саланы жақсы біледі. Әсіресе, әлеуметтік жәрдемақыларды көтеру бойынша екі министрліктің арасында өзара түсіністік болады. 

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Әбілқасымова бүгін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.

Шенеунік осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Сіздің реакцияңыз
28
1
1
2
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel