RU
"Жеңдім деп есептеймін": Головкин Альвареспен жекпе-жегі жайлы ойын айтты
Жаңалықтар Спорт

"Жеңдім деп есептеймін": Головкин Альвареспен жекпе-жегі жайлы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жекпе-жегіне қатысты ел күтпеген мәлімдеме жасады. Боксшы қарсыласына есе жібергенімен келіспей, өзін жеңімпаз санайтынын айтты деп хабарлайды Fighthype.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: the-steppe.com

Фото: the-steppe.com

GGG арнайы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп, мексикалық боксшымен өткізген екінші жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті.

Боксшының сұхбаты Youtube желісіндегі FightHype.com арнасында жарияланған.

Головкин өткен кездесуде нақты нені өзгертуге болатынын айтпай қойған. Алайда, жекпе-жектің видеосын қайта қарап шығып, өзінің жеңіске жеткеніне кәміл сенімді болған.

"Мен боксты білуімше, мен өзімді жеңіске жеттім деп есептеймін. Мен жеңісті кімге бере салғанын айтып тұрғаным жоқ. Менің бокстағы түсінігімше, бұл жекпе-жектің жеңімпазы деп өзімді санаймын" , - дейді ол.

Оған қоса, боксшы алдағы уақытта Сауль Альвареспен үшінші мәрте кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

Головкиннің сөзінше, келесі жекпе-жек аса тартысты болуы тиіс. Себебі, екі кездесуде бір-бірінің іс-қимылдарын жақсы танып-біліп алған боксшылар, үшінші кездесуде тактикасын ауыстыруға мәжбүр болмақ.

Еске салакетейік, Геннадий Головкин Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек төрешілердің шешімі бойынша "Канелоның" жеңісімен аяқталған еді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
1
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel