RU
Жалғызбасты ана ауқатты бауырының өзін 34 жыл іздегенін білмей кедейлікте өмір сүрген
Жаңалықтар Әлемде

Жалғызбасты ана ауқатты бауырының өзін 34 жыл іздегенін білмей кедейлікте өмір сүрген

Рассказать Вконтакте

Дағыстандық Ысмайыл есімді кәсіпкер өзінің немере қарындасын 30 жылға жуық көрмеген. Ер адам көп жылдардан бері іздестіріп келген қарындасын үш баласымен, күрделі қаржылық жағдайда кезіктірген деп хабарлайды proaist.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ысмайыл. Фото: Mash

Ысмайыл. Фото: Mash

Роза небәрі үш жасында әкесінен айырылған. Кейін жесір анасы туған жері Дағыстаннан Башқұртстанға қоныс аударуға шешім қабылдаған.

Бірнеше жылдан кейін Ысмайылдың ата-анасы және Роза екеуінің ортақ атасы көлік апатынан қаза табады. Осылайша баланы қарт әжесі қамқорына алған.

Әжей Ысмайылға Поволжьеде тұратын Роза жайында үнемі айтып отырған. Алайда көзінің нашарлығына байланысты келінімен хат жазысып тұру мүмкіндігі болмаған әжей немересінен хабарсыз қалады.

Қарындасын жылдар бойы іздестіріп жүрген Ысмайыл башқұрт ауылына тап болған.

Роза қызымен. Фото: Mash

Роза қызымен. Фото: Mash

38 жастағы Розаның өсіп келе жатқан үш баласы бар болып шықты.

Бауырының айтуынша, отбасы қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жүрген. Розаның күйеуі өмірден озған. Сол себепті ол отбасын жалғыз асырауға мәжбүр еді.

Ысмайыл қарындасын туған жері Дағыстанға шақырды. Роза бауырының ұсынысын қабыл алған.

Бүгінгі таңда әйелдің өз үйі, қаржылай және рухани демеу бере алатын туыстары бар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
2
40
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel