RU
Атырау облысында екі қабатты пәтерден өрт шығып, төрт отбасы далада қалды (фото, видео)

Атырау облысында екі қабатты пәтерден өрт шығып, төрт отбасы далада қалды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде екі қабатты пәтер өртеніп, төрт пәтердің иесі далада қалған. Төтенше жағдайдың орын алғанына алты ай уақыт өткенімен, өрттің себебі әлі күнге дейін анықталмаған. Ал пәтерінен айырылған отбасылар туыс-туғанды жағалап күнелтуде деп хабарлайды "Ақ жайық".

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Биліктегілердің есігін қағып шаршаған тұрғындар өз жанайқайын жеткізді.

"Дымсыз қалдық. Тірнектеп жинаған дүние-мүлкіміз бір сәтте түгел жанып кетті. Киім-кешек бәрі өртенді. Тек балаларымның амандығына шүкіршілік. Енді бала-келін, немерелеріммен бірге үй жалдап жүрміз.
Балам күзетші болып жұмыс істеп, 40 мың теңге айлық алады. Келінім жұмыссыз, баламен отыр. Сосын менің зейнетақым бар. Ағайын-туыстар ауысқан ыдыс-аяқ, киім-кешекпен көмектесуде, бірақ ол не болады", - дейді зейнеткер Ажар Салиева.

Ал пәтері өртенген тағы бір тұрғын Светлана Бекенова өңірдегі 14 мекемеден көмек сұрап шыққан.

"Көмек сұрап талай жерге бардым. Менің қолымда бір-біріне ұқсас 14 хаттың жауабы тұр. "Үйді сақтандыруларың керек еді. Біз ешқандай көмек бере алмаймыз" деген. Кімнің үйі сақтандырылған дейсің қазір", - дейді Светлана Бекенова.

Айта кетейік, тағы екі пәтердің иесі Ерлан Кейкешов інісінің үйінде тұрып жатыр. Ал Ғания Жұпарбаева уақытша пәтер жалдап күнелтуде.

Пәтері өртке оранған тұрғындар оны қайта жөндетуге шамалары келмейді. Биліктен үміт үзген пәтер иелері енді өңірдегі алпауыт компаниялар көмектесер ме екен деп үміттенеді.  

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel