RU
Сенат депутаты 50 мың теңге жалақы үй алуға жетпейтінін айтып, дабыл қақты
Жаңалықтар Қоғам

Сенат депутаты 50 мың теңге жалақы үй алуға жетпейтінін айтып, дабыл қақты

Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев аудан және ауылдарда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін тұрғындардың "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай отырғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенат депутаты 50 мың теңге жалақы үй алуға жетпейтінін айтып, дабыл қақты

Нұрлан Қылышбав. Фото: kznews.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін айлық табыс шамамен 150 мың теңгеден асуы қажет екенін атап өтті.

"Олар еліміздің кез келген өңірінен құны 25 миллион теңгеге дейінгі жаңа салынған пәтерді сатып ала алады", - деді ол.

Алайда депутат Нұрлан Қылышбаев мұнымен келіспейтінін жеткізді.

"Комитет берген ақпаратпен келісе алмаймын. Өңірлерде 150 мың теңге жалақымен пәтер алатынына күмәнім бар", - деді ол.

Қылышбаевтың айтуынша, екі баласы бар отбасының тек 12 миллион теңгенің пәтерін алуға шамасы жетеді.

Депутат аудандық балабақшадағы жас тәрбиеші 50 мың теңге, ал категориясы бар тәрбиеші 70 мың теңге, балабақша меңгерушісі 100 мың теңге жалақы алатынын айтты.

"Қарапайым мектептегі категориясы жоқ мұғалімнің жалақысы 50 мың теңге, жоғары категориялы бір ставкада жұмыс істейтін ұстаздың жалақысы 90 мың теңге, жоғары категориялы 1,5 ставкадағы педагог 150 мың теңге алады.
Ал категориясы жоқ дәрігер 56 теңге, жоғары категориялы дәрігер 77 мың теңге, кезекшілікті есептегенде категориясы жоқ дәрігер 77 мың теңге, жоғары категориялы дәрігер 119 мың теңге алады", - деп тізіп шықты Нұрлан Қылышбаев.

Сенатор қорытындылай келе, аудан және ауылдардағы қызметкерлердің "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай отырғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
56
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel