RU
Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға дейін көбеюі мүмкін

Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға дейін көбеюі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жұмыссыз қалған, асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы мөлшері де өседі. Бұл төлемдер 30 пайызға дейін көбеюі мүмкін деп хабарлайды "Хабар 24".

Елімізде әлеуметтік төлемдер 30 пайызға дейін көбеюі мүмкін

Көрнекі фото: time.kz

Бүгін осындай өзгерістер енгізілген «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі таныстырды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта сақтандыру қорынан мұндай әлеуметтік көмекті 124 мың қазақстандық алады. Жұмыс берушілер әр қызметкер үшін осы қорға жалақының 3 жарым процентін төлеп келеді, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5 процентке артпақ.

"Мысалы, жұмыстан айырылған азаматтардың жалақысы қазір 100 мың теңге болса, қазір алатын жәрдемақы 18 мың теңге. Заң күшіне енсе, осы азаматтардың қордан алатын ақшасы көбейеді. 23 мың теңге. Егер 5 жылдан артық жұмыс істесеңіз, жалақыңыз 100 мыңнан асса, онда осы сома көбейеді", - деді Парламент мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі аталмыш заң жобасымен әлеуметтік төлемдердің қарастырылып отырғанын айтты.

"Асыраушыдан айырылған жағдайда, еңбек ету қабілетінен айырылған кезінде және жұмысынан айырылғанда. Осы үш қатерден төлемдер 30 пайызға артады.
Заң жобасы мәжіліске енді кіріп отыр. Егер мәжіліс мақұлдап, сенаттан өтіп, Елбасы қол қойса, жоба бойынша 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жүзеге асырылады", - деді Светлана Жақыпова.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
2
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel