RU
Шымкенттегі түрмеге ауысқан Бишімбаев әлі күнге қара жұмысқа араласпаған
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттегі түрмеге ауысқан Бишімбаев әлі күнге қара жұмысқа араласпаған

Рассказать Вконтакте

Шымкентке ауыстырылған Қуандық Бишімбаев жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Экс-министрге мұнда екінші қабаттағы 14 адамға арналған бөлмеден орын бұйырыпты деп хабарлайды Астана арнасы.

Шымкенттегі түрмеге ауысқан Бишімбаев әлі күнге қара жұмысқа араласпаған

Шымкенттегі түрме (Астана арнасынан кадр), Қуандық Бишімбаев (Фото: kaz.nur.kz)

Жазасын өтеуші жататын жердің аумағы небәрі екі шаршы метр. Бишімбаев үш мезгіл тамақты да көпшілік сотталғандармен бірге ішеді.

Түрме басшыларының айтуынша, бұрынғы министр бұл жерге 15 ақпанда келген. Ол әзірге қара жұмысқа араласа қоймаса да, мәдени шараларға қатысуға кетәрі емес екен. Алайда Бишімбаев мырза сұқбат беруге де, таспаға түсуге де келіспеген.   

"Қазіргі таңда ол № 2 жасаққа орналастырдық басқа да сотталғандармен бірге. Бүгінгі таңда оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалынған жоқ. Тәртіп бәріне бір.

Сонымен қоса, Бишімбаев барлық заңды талаптарды атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес.

Жұмысқа орналасуға әлі ниет білдірмеді. Бірақ, мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға өтініш жасады", - деді Шымкент қаласындағы 167/3 түзету мекемесінің бастығы Бағдат Әсілбеков.

Айта кетейік, Бишімбаев бұған дейін Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде отырған.

Оның қорғаушысы экс-министрдің жазасын өтеу тәртібін жеңілдетуді сұрап сотқа талап-арыз түсірген еді. Тіпті, оны қоныс колониясына ауыстыруды да сұрады. Бірақ, сот оның өтінішін тек ішінара қанағаттандырды.

Еске салайық, бұрынғы Ұлттық экономика министрі былтыр 10 жылға сотталған.  

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel