RU
"ЭКСПО" аумағындағы тұрғын үйдің көпшілігі әлі күнге дейін бос тұр
Жаңалықтар Қоғам

"ЭКСПО" аумағындағы тұрғын үйдің көпшілігі әлі күнге дейін бос тұр

Рассказать Вконтакте

Астанада "ЭКСПО" аумағындағы үйлердің не себепті күні бүгінге дейін сатылымға шықпай жатқандығы белгілі болды. "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше техникалық ақауларға байланысты онлайн түрде өтінімдер қабылдайтын сайт бүгінде жөндеуден өтіп жатқан көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: weproject.kz

Көрнекі фото: weproject.kz

Мекеменің баспасөз қызметі берген мәлімдеге сәйкес, алдағы уақытта аталған олқылық жойылып, ЭКСПО аумағындағы тұрғын-үй кешендері сатылымға шығарылады екен.

"Бұған дейін өтінімдер ақпан айының 28-інде онлайн түрде қабылданған еді. Алайда келіп түскен өтінімдер саны шамадан тыс көп болғандықтан, атап айтқанда, екі-үш есе көп болғандықтан, сайт істен шығып, сол күні жазылған өтінімдердің бәрі жойылған еді. Бүгінде ондағы техникалық ақауларды жоюмен арнайы мамандар айналысып жатыр. Алдағы уақытта ЭКСПО аумағындағы тұрғын-үйлерге өтінім қабылдау мерзімін тағы да нақтылайтын боламыз", - деді баспасөз қызметі мамандары.

Ал тұрғындардың "Өтінім қабылдау реті әділ болған жоқ, сайт әдейі жабылды" деген арыздарына қатысты сауал қойғанымызда, жауапты мекеме өкілдері пәтерлерді сатып алуға өтінім қабылдау жұмысы ашық әрі таза болады деп сендірді.

"Ондай жалған ақпаратқа сенбеулеріңізде сұраймыз. Бәрі ашық әрі таза болады. Әзірге өтінімді қабылдау күнін нақты айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта БАҚ арқылы хабарланатын болады. Тұрғындарды даурықпауға шақырамыз", - деді ведомствоның баспасөз қызметі мамандары.
Сіздің реакцияңыз
9
0
2
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel