RU
Шымкентте есірткі тасымалымен айналысты деген күдікпен 28 жастағы ару ұсталды

Шымкентте есірткі тасымалымен айналысты деген күдікпен 28 жастағы ару ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте есірткі бизнесімен айналысты деген күдікпен 28 жастағы бойжеткен қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабековтің мәліметінше, құрықтау кезінде күдікті қыздың көлігінен есірткі тектес зат табылды.

Одан бөлек, "Нұрсәт" шағын ауданындағы пәтерінен де есірткі заттары тәркіленіп алынған.

Алдын ала сараптама нәтижесі бойынша, бұл заттардың есірткі таблеткалары екендігі анықталған.

Бойжеткеннің айтуынша, бұл іске араласуына алматылық танысы итермелеген.

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде танысқан жігіт бойжеткенге есірткі тасымалымен айналысуды, бұл арқылы көп ақшаға кенелетіндігі туралы ұсыныс жасапты.

Оңай ақшаға арбалған ару бұл бизнесін жүйелі жүргізіп келген көрінеді.

"Күдіктінің үстінен ҚК-тің 297 бабының 3 тармағымен айып тағылып, тергеу барысында екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel