RU
Ақтауда полицей көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам зардап шекті

Ақтауда полицей көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

Ақтауда полицей көлігінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам зардап шекті. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бел тұсының зақымымен түскен. Бұл туралы Lada сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Lada

Фото: Lada

Полицей көлігі мен Mitsubishi Lancer көліктері 12 наурыз күні сағат 16:30-да соқтығысқан.

Жол апаты нәтижесінде 1993 жылы туған азамат зардап шекті.

"Одан жабық бас сүйек-ми жарақаты және бел аймағында жұмсақ тіндердің соғылуы анықталды. Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол үйіне жіберілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінде жол апатына фактісіне байланысты Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel