RU

Ресейдегі қазақ спортшысы қарсыласын 100 секундта құлатты (видео)

Ресейдің атынан шығып жүрген этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын бірінші раундта нокуатқа жіберді. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

видеодан кадр
видеодан кадр: Facebook

Ілияс Хамзин Екатеринбургте өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты.

Хамзинге жергілікті спортшы Олег Найденов қарсылас атанды.

Этникалық қазақ 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұл Хамзиннің кәсіби мансабындағы екінші жеңісі.

Айта кетейік, Хамзин ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783190-resejdegi-kazak-sportsysy-karsylasyn-100-sekundta-klatty-video.html