RU
Путинге "құлпытас" қойған азамат абақтыдан бір-ақ шықты (фото)

Путинге "құлпытас" қойған азамат абақтыдан бір-ақ шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Татарстандағы Набережные Челны қалалық соты Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар құлпытас қойып, қабірге ұқсатып орнатқан Карим Ямадаевты 28 күнге қамап тастады деп хабарлайды "Азаттық".

Фото: Facebook, Раушан Валиуллин/ Азаттық

Фото: Facebook, Раушан Валиуллин/ Азаттық

Путиннің суретінің астына "1952-2019" деп жазылған көктас пен бейтіке ұқсас қоршау 10 наурыз күні орнатылған.

Полиция дәл сол күні кешке оны тергеу комитеті ғимаратының жанында "құлпытас қойып", акция өткізді деген күдікпен ұстап, 28 күнге абақтыға жапты.

Сот Ямадаевты көпшілік акция өткізу не ұйымдастыру ережесін екінші мәрте бұзды деп таныды.

Белсендінің адвокаты бұл шешімді аппеляцияға беретінін айтты.

Сіздің реакцияңыз
24
7
10
1
1
36
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel