RU
Хиджабты сынаған ирандық белсенді әйел 10 жыл түрме жазасына кесілді

Хиджабты сынаған ирандық белсенді әйел 10 жыл түрме жазасына кесілді

Рассказать Вконтакте

Ирандық құқық қорғаушы, адвокат Насрин Сотуде 10 жылға бас бостандығынан айырылып және 148 рет дүре соғу жазасына кесілді. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Насрин Сотуде, фото: Lenta.ru

Насрин Сотуде, фото: Lenta.ru

Бұл туралы AFP агентігіне құқық қорғаушының күйеуі айтып берген.

Жалпы алғанда Сотуде жеті айып бойынша 33 жылға түрме жазасына кесілген: билікке қарсы үгіт-насихат, тыңшылық, қоғамдық ортадағы тәртіп бұзу және тағы басқа баптар.

Енді күдікті жазасын 10 жыл өтейді. Бұл Иран заңнамасына сәйкес ең ұзақ мерзім болып табылады.

Бұдан бөлек судья оған сот отырысына хиджабсыз келгені үшін 148 рет дүре соғу жазасын кесті.

Насрин Сотуде әйелдерге міндетті хиджаб киюді алып тастау туралы белсенді айтып жүргенімен және ол өлім жазасына келіспейтіндігімен танымал.

2018 жылдың шілде айында 55 жастағы әйел тыңшылық әрекеті үшін бес жылға темір торға тоғытылды.

Сотуде осыған дейін мемлекетке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін үш жыл жазасын өтеп шыққан.

Айта кетейік, 2012 жылы оған адам құқығы қорғауға қосқан үлесі үшін Сахаров сыйлығы берілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel