RU
Ақтөбеде сегіз жасар қызды екі жылдан бері ата-анасы керек қылмаған

Ақтөбеде сегіз жасар қызды екі жылдан бері ата-анасы керек қылмаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған "Аяла" орталығында 8 жасар оқушы қыз ата-анасын жылдап күтіп жүр. Қазір екінші сыныпта оқып жатқан қыз баланы іздеп келген адам жоқ деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

"Аяла" орталығы

"Аяла" орталығы

Балалар орталығына қыз баланы полиция қызметкерлері алып келген.

"Қыздың шешесі ата-ана құқынан айырылған. Ал әкесі балаға қарамаған. Баланың әкесі екінші рет үйленген, қыздың өгей шешесі бар. Біз ұзақ уақыт баланың әкесін іздедік. Полициямен іздегеннің өзінде қыздың әкесі бір жылдан кейін табылды. Ер адамның туған қызын не себепті қараусыз қалдырғаны түсініксіз. Себебі әкесі ішімдік ішпейді. Ол кісіге баласына жақын адамның керек екенін түсіндіріп жатырмыз", - дейді орталық басшысының орынбасары Татьяна Литвинова.

Орталық қызметкері балалардың ішімдікке салынған ата-анасын да сағына күтетінін айтады.

"Қазір орталықта 35 жасөспірім жатыр. Көпшілігі мектеп жасында. Бұл жерге келген балалардың барлығы қиын жағдайға тап болғандар. Көпшілігінің ата-аналары бар. Өкініштісі, олар балаларын іздеп келмейді. Балалар "Мамама хабарласайыншы" деп жалынып жүреді.
Мамаларының телефонын жатқа біледі немесе кішкентай қағазға анасының телефонын жазып алып, сақтап жүреді. Тіпті, анасы ішімдікке салынған болса да баласы іздейді. Мамалары оларға өтірік айтып алдайды. Оларға қарап жүрегің ауырады", - дейді Литвинова.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
15
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel