Выйти
RU

Өскеменде 15 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде 15 жастағы Мөлдір Батырханды жақындары істестіруде. Ол ата-анасынан сұранып құрбыларымен кездесуге кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды Устинка LIVE-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Батырхан, фото: ustinka.kz

Мөлдір Батырхан, фото: ustinka.kz

Жасөспрімінің әпкесі Дана Батырханның айтуынша, полицияға сіңлісінің жоғалып кеткені туралы бір күннен соң хабарлаған.

Ол Мөлдірдің үйден екінші рет кетіп қалғанын, алғаш ата-анасымен сөзге келгенде жоғалып кеткенін айтты.

Біріншіде көп ұзамай байланысқа шығып, қайда жүргенін айтқан көрінеді.

Әпкесі бұл жолы қыздың достары мен сыныптастарына хабарласып өз бетімен іздеу ешқандай нәтиже бермей жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, Мөлдір Батырханның үстінде: Сұр толстовка, балонды желетке, көк джинс және аяғында ақ түсті спорттық аяқ киім болған.

Жақындары қызды көрген-білгендер болса 8 705 666 67 21 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде 15 жастағы ару із-түзсіз жоғалып кетті (фото)