Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнада бір-біріне өлең арнаған Ернар Айдар мен Әли Оқапов жұрттың көңілін көтерді

Опубликовано:

Жақында ғана жеке концертін өткізген Ернар Айдар сахнада досы Әли Оқаповқа өлең арнап, алғысын білдірді. Әріптесінен мұндай сөздерді күтпеген Әли оған бірден жауап қайтарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram
Фото: Видеодан кадр/ Instagram: Twitter

Ернар Айдар концертіне келіп, қолдау білдірген досы Әли Оқапова жұрт алдында алғыс айтқан.

"Достықты бағаларды өнер елі
Достықпен көсегеміз көгереді.
Мені қолдап, Әли келді, көп рахмет.
Ұрпағы бір әулеттің өнегелі.
Тілегім, тегін тауып үйленсе екен, асыл жар-азаматтың шын беделі.
Қазақтың Розадайын бұлбұлына, тезірек сүйгізші немерені", - деген ол.

Бұл өлең жолдарын естіген Әли Оқапов әзілдеп әріптесінен неге өлең жаттап келу керектігін айтпағанын сұрады. Артынша әнші суырып салма қабілетін көрсетіп, Ернар Айдарға сахнада бірден жауап берді.

"Құтты болсын концертің беріп жатқан
Бағындырдың бұл сахнаны, неткен арман
Уайымдама, бауырым, келін дайын
Сәл ғана тағы уақыт берсең маған", - деді ол.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әбден күлген.

"Ақын болып кеткен бе?", "Күшті", "Жарайсыңдар", "Ата-ананың үмітін ақтаңдар", "Керемет", деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783218-sahnada-bir-birine-le-arnagan-ernar-ajdar-men-li-okapov-zrtty-kilin-kterdi/

pixel