Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәленов Мадина Әбілқасымованың тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың бірінші орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Даленов Әбілқасымова орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Дәленовтың сөзінше, барлық вице-министрлер үкімет шешімімен тағайындалады.

"Әбілқасымова ханым бұрын ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, халықаралық блокпен айналысқан. Қазір де ол министрлігімізде халықаралық блокпен айналысуын жалғастырады", - деді Дәленов.

Сондай-ақ министр оның жалақысына да қатысты жауап берді.

"Жалақы арнайы кесте бойынша реттеледі. Вице-министрлердің еңбекақысы министрлерден төмен. Бұл лауазымның төмендеуі", - деп сөзін қортындылады ұлттық экономика министрі.

Еске сала кетейік, үшінші наурыз күні үкімет қаулысымен Әбілқасымова Мадина Ерасылқызы ұлттық экономика министрінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1783222-dlenov-madina-bilkasymovany-tagajyndaluyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel