Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізге танымал актер сал ауруына шалдыққан ұлы мен әйелін тастап кетті

Опубликовано:

Танымал актер Жан Ізбасар баласының мүгедек екенін білгеннен кейін отбасынан бас тартқан. Бүгін баласы төрт жасқа келген, ал әкесі оны мүлде іздемейді екен. КТК арнасының "Астарлы оқиқат" бағдарламасына келген Назгүл Қанатқызы жанайқайымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жан Ізбасардың мүгедек ұлын жалғыз бағып отырған бұрынғы әйелі жанайқайын жеткізді
Коллаж:NUR.KZ: Facebook

Жан Ізбасардың баласына БЦС спастикалық диплегия диагнозы бір жарым жасқа келгенде қойылған.

"Балаға бір жасқа дейін көмектесті. Бірге толғанша бірге тұрдық. Сосын бізге балаға мүгедектік алу керек деді. Бір жарым жасқа келгенде баласына мүгедектік рәсімделгеннен кейін Жан киімін алып, кетіп қалды", - деді Назгүл.

Актер баланың мүгедек болып туғанына бұрынғы әйелін кінәлайды екен.

"Оған үйленгеннен оны басынан аяғына дейін киіндірдім. Не қаласа да алып бердім. Дәрумен, дәріні. Мандарин, банан, анар сияқты жемістерді жәшігімен әпердім. Бірақ науқас бала туылды. Енді мен неге кешірім сұрау керекпін? Не үшін? Менің жазығым не? Одан кейін менің сау балам дүниеге келді", - деді Жан Ізбасар.  

Актер баласын мүлде іздемейді екен. Оның жағдайы оны мүлде мазаламайды. Қазір Жан Ізбасар алимент төлеп тұрады. Дегенмен бір жыл ішінде берген қаражат көлемі 114 мың теңгені құрайды. Ал баланың еміне ай сайын кем дегенде 250 мың кетеді екен.

Қазір Назгүлдің мүгедек баласын анасы қарап отыр. Әжесі немересін бағу үшін жұмысынан шығуға мәжбүр болған. Ал Назгүл ұлын бағу үшін құрылыс компаниясында істейді. Бүкіл жалақысы баланың еміне жұмсалады.

"Баланың емдік шараларына көп қаражат қажет. Бапкердің келіп 40 минут онымен жаттығу жасағаны бес мың теңге тұрады. Арнайы тапсырыспен жасатқан орындықтары, вертикализатор, ортопедиялық үстел, миын дамытатын заттар мен дәрумендер қажет. Бұрынғылары кішірейіп қалды, қайта жасату керек", - деді Назгүлдің анасы Нұржамал. 

Жан Ізбасар ажырасқан соң баланы өзіне қалдыруға ұсыныс жасапты.

Алайда ол баланы алғаннан кейін, оны арнайы интернатқа өткізбек болған. Сондықтан да Назгүл де, оның анасы да бұған келіспеген. 

Бұл орайда "Перзент" балалар үйінің төрайымы Әмина Тәжібаева қиналып отырған анаға көмектесетінін мәлімдеді. 

"Менің үйіме келші, шетелге апарып емдетейін. Осы баланың қиыншылығы соның басына түспесе, Әмина деген атым құрысын. Аққан судың да сұрауы бар. Бұл да бір Алланың сынағы, сендер оны бірге өтулерің керек еді. Бір бөлмені анаң екеуіңе беремін. Сауд Арабиясына барамыз. Мынадан күдеріңді үз, бұл адам емес. Мұның көретіні әлі алда. Ананың көз жасы жібермейді", - деді Әмина Тәжібаева .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783238-elimizge-tanymal-akter-sal-auruyna-saldykkan-ly-men-jelin-tastap-ketti/

pixel