RU
"Өлтіріп кетеді": Керімбекова билікке келуден неге қорқатынын ашып айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өлтіріп кетеді": Керімбекова билікке келуден неге қорқатынын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова шыншыл адам болғандықтан билікте ұзақ жүрмеуі мүмкін екенін айтты. Өзін өлтіріп кетеді деп ойлаған әнші "ХитТВ" арнасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Керімбекова шындықты жақсы көргендіктен көп сынаққа тап болғанын алға тартты.

"Билікке барсам, бір-екі күннен соң мені өлтіріп кететін шығар. Мен шындықты жақсы көретін, шындықпен жүретін адаммын.

Сол шындығым үшін шығар кейде өмірімде сынақтар болып жатқаны. Біреу дұрыс түсінеді, біреу бұрыс түсінеді.

Қалай бар, солай өмір сүретін адаммын. Сол себепті, билікке бару мақсатымда да болған емес. Егер шақырса, тазалар едім", - деді ол.

Оған қоса, әнші бүгінгі эстраданың келбеті туралы пікірімен бөлісті.

"Екінің бірі әнші, екінің бірі сахнада. Еріккеннің бәрі әнші болып кетті. Әнші ме, әнші емес пе? Не айтып жатырмын, не айтқым келіп жатыр деген ой-түйсік жоқ. Әйтеуір бір-екі ән жазып, сахнада жылтыңдап жүрген әншілер өте көп.

Айтсаң, біреу көре алмайды деп ойлайды, біреу басқа деп ойлайды. Өздері не айтарын білмегендіктен, жастарды көре алмайды деген неше түрлі ұғымдар кетті ғой.

Менде өзіміздің қазақтың өнерін, қазақтың әнін ары қарай жастарымыз дамытса деген мақсат бар. Мен үшін дәл қазіргі эстрада, дәл қазіргі сахна тоқырау болып жатыр. Ол да бір орнына келеді деген ойдамын", - дейді Керімбекова.

Ақботаның айтуынша, қазіргі уақытта тасада қалып жатқан талантты жастар баршылық. Әнші ендігі кезекте сахнаға өнерлі өрендерді дайындауды жоспарлап жүр екен.

Сіздің реакцияңыз
4
5
0
1
3
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel