RU
Лотореядан бір күнде 30 рет ұтқан әйел ақшаны қалай жұмсарын білмей дал болды
Жаңалықтар Әлемде

Лотореядан бір күнде 30 рет ұтқан әйел ақшаны қалай жұмсарын білмей дал болды

Рассказать Вконтакте

Виргиния штатының тұрғыны Дебора Браун лотереядан бір күнде отыз рет ұтысқа кенелген. Америкалық әйел қазіргі таңда ақшасын қайда жұмсарын білмей, әбігерге түсті деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

«Ақшаны қайда жұмсарымды білмеймін»: әйел бір күнде 30 рет лотереядан ұтқан

Фото: yandex

Әйел адам өзінің ішкі түйсігіне сеніп, Pick 4 жедел ұтыс лотереясының 20 билетін сатып алған.

Билеттің әрбір данасы бір долларды құраған. Барлық билеттерде ұқсас сандар жинағы болғандықтан, Дебора дәл сондай сандар бейнеленген тағы 10 билетті сатып алған.

Соңында анықталғандай, барлық 30 билет сәтті болып шығыпты. Әр билет америкалық әйелге ең жоғарғы ұтысты, яғни, бес мың АҚШ доллардан әкелген.

Браун мұндай жеңіске қатты таңданыпты. Оның айтуы бойынша, қазір ол 150 мың долларды қайда жұмсайтынын тіпті білмейді екен.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
28
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel