RU
Ақтөбеде алты жасар балаға әріпті айқайлап үйреткен тәрбиешіге үкім шықты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде алты жасар балаға әріпті айқайлап үйреткен тәрбиешіге үкім шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде алты жастағы бүлдіршінге айқайлап әріп үйретпек болған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты. Балабақша психологы енді балалармен 3 жылға дейін жұмыс жасай алмайтын болды деп хабаралйды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде алты жасар балаға әріпті айқайлап үйреткен тәрбиешіге үкім шықты

Көрнекі фото: portalrebenka

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Ақтөбе облысы Бадамша ауылы «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісінің бүлдіршіндерге әріп үйретіп жатқан сәті желіге жарияланып кеткен болатын.

Алты жасар баланы қорқытып әріп үйреткен тәрбиеші өз кінәсін толықтай мойындап отыр.

"Қылмыстық кодекстің 140 бабы, 2 бөлімімен кінәлі деп танылған балабақша тәрбиешісін 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту және 3 жылға дейін жасөспірімдермен педагогикалық жұмыс жасауды тоқтатуға қатысты үкім шықты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel