RU
ІІМ-нің басшысы Алматыдағы атыс жайлы: Бізде қылмыстық топтар жоқ

ІІМ-нің басшысы Алматыдағы атыс жайлы: Бізде қылмыстық топтар жоқ

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жетінші наурыз күні Алматыда болған атыс туралы таралған қауесеттерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ-нің басшысы Алматыдағы атыс жайлы: Бізде қылмыстық топтар жоқ

Фото: Видеодан скриншот

Журналистер министрден атысқа екі қылмыстық топ қатысты деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.

Тұрғымбаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бізде қылмыстық топтар жоқ десе болады. Онда (авт. - Алматыда) жас жігіттердің қақтығысы орын алды. Төрт адам тұтқындалды, тағы алты адам іздестіріліп жатыр. Онға жуық жігіт қатысқан.
Олардың барлығының тұлғасы анықталды. Қақтығыстың себебі де белгілі. Тергеу нәтижелерінің қорытындыларын кейінірек береміз", - деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ Тұрғымбаев тергеу жүргізіліп жатқандықтан қарулы қақтығыстың себептері мен күдіктілердің аты-жөндерін айта алмайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, жетінші наурыз күні Алматыдағы "Rahat Palace" қонақ үйінің жанында белгісіз біреулер атысып, күдіктілер ұсталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel