Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты іс қайта қаралып жатыр

Опубликовано:

Алматыда қарақшылар қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс қайта қаралуда деп xабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Жәбірленуші тарап шығарылған сот үкіміне қанағаттанбағандықтан, апелляциялық шағым түсірген.

Денистің өліміне қатысы бар деп танылып, сотталған Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева қайтадан сот алдына келді.

Естеріңізге сала кетсек, Арман Құдайбергеновке "Алдын ала келісіп ұрлық жасау", "Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық" , "Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылған болатын.

Ал Нұралы Қиясов болса ұрлықтан басқа, жоғарыда келтірілген барлық баптар бойынша кінәлі деп танылды.

Танымал спортшының өлімі бойынша қылмыстық істе үшінші күдікті болған Жанар Толыбаева "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айыпталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1783273-almatyda-denis-tenni-limine-katysty-is-kajta-karalyp-zatyr/

pixel