RU
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанда автокөлік тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру техникалық ақаулар салдарынан уақытша тоқтатылды деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының Facebook парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды

Көрнекі сурет: dep-turizm.mid.gov.kz

Корпорация әлеуметтік желідегі парақшасында хабарландыру жариялаған.

"Бүгін сағат 9:50-де ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің сервистерінің іркілісі тіркелді, сондықтан республика бойынша мамандандырылған ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу мүмкін емес", - делінген хабарламада.

ІІМ мамандары олқылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, комитеттегілер азаматтарға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраған.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Жұмыстың қалыпқа келтірілгені туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады", - деп жазылды хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel