RU
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті қазақстандық полицейлердің жаңа формаға ауысу жұмыстары уақытша тоқтатылғанын журналистерге түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрғымбаев қазақстандық полицейлер неге жаңа формаға ауыспайтынын түсіндірді

Коллаж: NUR.KZ

"Форма шынымен біраз ыңғайсыздау. Ол кеңсе қызметкерлеріне лайық, бірақ көшеде жүретін инспекторлар мен патрульдік полицейлерге ыңғайсыз. Китель мен фуражка да сондай. Егер қылмыскердік артынан қуу керек болса, бір қолмен бас киімді, екіншісімен тапаншаны ұстауға тура келеді", - деп мәлімдеді министр.

Ыңғайсыз жаңа формаға полицейлер әлі біраз уақыт ауыспайды. Алдымен қызметкерлердің жалақысын көтеру керек.

"Қазір мәселе сыртқы пішінде емес, ішкі құрамның сапасында. Ең алдымен жалақыны көтеру жөніндегі мәселелерді шешу керек деп ойлаймыз. Сосын форма жайында ойлаймыз. Оны өзгертеміз, ол жол картасында бар", - деді Тұрғымбаев.

Министрдің сөзінше, полициядағы өзгерістер жоспары алдағы үш жылға жасалған. Бірінші жартыжылдықтан кейін оған өзгертулер енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
4
7
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel