RU
Оксана Тен шетелден келіп түскен қоңырауларды қайта тексеруді сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Оксана Тен шетелден келіп түскен қоңырауларды қайта тексеруді сұрады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда қарақшылар қолынан қаза тапқан қазақсстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс қайта қаралып жатыр. Аппеляциялық сот отырысына келген спортшының анасы Оксана Тен шетелден түскен қоңырауларды қайта тексеріп, сотталушының ағасынан жауап алуды талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сұлтан Қиясов - маңызды куәгер. Одан жауап алыну керек. Ол бұларды үйіне тұрғызды, көлікпен қамтамасыз етті.

Денистің өлімінен соң, Құдайбергенов 5 мың доллар сұраған Садуов сотталушыларға түрмеге тамақ тасып, оларға жиі келіп жүр. Ең қызығы Садуов пен Ізбасар бір-бірін таниды. Қайдан? Мен соны анықтағым келеді.

Руслан Хайруллаевтан да қайта жауап алу керек.

Ұялы телефон қоңырауларына қатысты тағы да айтқым келеді. Оларға шетелден кім xабарласқанын анықтау керек. Швецария, Англиядан болды қоңыраулар.

Мен ұялы телефон байланыс детализациясына қарап, оның үстіне іс материалдарымен танысып, бұлардың бәрінің өзара байланысы бар деген тұжырымға келдім.

Жасалған қоңыраулардың кестесін жасап шығардым. Осы жайттарды ескеріп, жеке істе қарауларыңызды сұраймын", - деп мәлімдеді Оксана Тен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel