RU
Отандық әнші Согдианаға 70 млн теңге тұратын гауһар тасты сақина сыйлаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Отандық әнші Согдианаға 70 млн теңге тұратын гауһар тасты сақина сыйлаған

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Абдулкарим Каримов Согдианамен дуэт орындап, жанкүйерлерін қуантты. Орындаушы бейнебаян барысында сыйлықтарға аянып қалмай, шығыс сұлуына арнап құны 70 миллион теңге тұратын гауһар тасты жүзік тақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абдулкарим Каримов пен ресейлік орындаушы Согдиана «Сақина» атты романтикалық бейнебаянының тұсауын кесті.

Шығыс композициясы ыстық сезім, махаббат пен нәзікжандылардың сұлулығы жайында.

Бейнебаянның желісі бойынша, Абдулкарим түсінде жұмақ жерге тап болып, шығыс ханшайымын, яғни, Согдиананы кездестіреді. Азамат оған бір көргеннен ғашық болып, көз тартарлық гауһар жүзікті сыйға тартады.

Анықталғандай, бейнебаяндағы сақинаның бағасы 13 млн рубльді немесе 70 млн-ға жуық теңгені құрайды екен.

"Біз Согдиана екеуіміз сіздерді бірнеше минутқа экватордың бір бөлігіндегі жұмақ саябақта емес, Мәскеудің Ботаникалық саябағында түсірілген шығыс ертегісіне алып кеткіміз келеді", - деп жазған Абдулкарим өзінің Instagram парақшасында.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel