RU
Алматыда өртенген пәтерден үй иесі құтқарылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда өртенген пәтерден үй иесі құтқарылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда өртеніп жатқан үйден бір адам құтқарылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: КТК

Көрнекі фото: КТК

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағынауданындағы №83 үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама бүгін 16:30-да түскен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнында 17:02-де болған.

"Олар келгенде сыртқы есік іштен жабулы болған. Пәтер қатты түтіндеп тұрды. Өртенген пәтерде үй иесі қамалып қалған. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің мамандары 49 жастағы ер адамды  ваннада есінен танып жатқан жерінен тауып алған. Зардап шеккен адамның басына оттегі маскасын кигізген. Сыртқа алып шығып, жедел жәрдемге табыстадық. Өрт сөндіру кезінде 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Анықталғандай, 5-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар өртене  бастаған. Тілсіз жау 17:17-де ауыздықталып, 17:30-да толық сөндірілді. Өрт 12 шаршы метр аумақты шарпыды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel