RU

Қызылордада бір адамды көлікпен қағып өлтірген күдікті ұсталды

Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында "ВАЗ-2114" автокөлігі бір адамды қағып, мерт қылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: Хабар 24
Көрнекі фото: Хабар 24: Getty Images

Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам мерт болды. Күдікті тұлға ұсталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783338-kyzylordada-bir-adamdy-klikpen-kagyp-ltirgen-kdikti-staldy.html