RU

"Қатты қуанды": Бишімбаевтың жұбайы күйеуімен өткен кездесуі туралы айтты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі сотталушы Шымкенттегі колонияға ауысқан соң жанұясымен кездесуге мүмкіндік алғанын айтты. Назым Бишімбаева күйеуімен жолығуға балаларын алып барған деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: Depositphotos
"Кездесуге оның анасы, мен және үш баламыз барды. Ол балаларын көріп, қатты қуанды. Олар тоғыз ай көріспеген еді. Балалар әкесімен секіріп, жүгіріп ойнады. Олардың көңілі тоқ",- деді экс-министрдің жұбайы.

Назым Бишімбаева балаларына әкесінің қайда екенін тура айтқан.

Сондай-ақ, бұрынғы министрдің жұбайы оның күйеуін ұстау шарттары басқалардан өзгешеленбейтінін жеткізді. Ол барақта тұрады және жалпы асханадан тамақтанады.

Бұрынғы шенеунікпен кездесу үшін оның жанұясы заңнамға сәйкес барлық процедурадан өткен.

Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаевтың жұбайы күйеуінің 15 ақпан күні ауысқан колонияда жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783339-katty-kuandy-bisimbaevty-zbajy-kjeuimen-tken-kezdesui-turaly-ajtty.html