RU
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшының ісі қайта тергелуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшының ісі қайта тергелуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшының өліміне қатысты қылмыстық істе шикілік бар көрінеді. Бүгін Ішкі істер министріне шағымданған жәбірленушілердің өкілі тергеудің әділетсіз өтіп жатқанын айтты деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: BBC.com

Фото: BBC.com

"Қылмыс орнына полицияның шұғыл тергеу тобы бір тәулік өткен соң ғана келген. Олардың тым кеш жетуінің себебін ешкім түсіндірген жоқ. Оның үстіне ұсталған 7 адамның үшеуі ғана күдікті деп танылған. Бұл қалай? Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ емес пе?", -дейді жәбірленуші тараптың өкілі Ғалымжан Тәуекелов.

Қолға түскендерді "қызылордалық банда" деп атаған адвокат олардың барлығы қылмыскер екенін айтады.

Қазір Берік Ахметов, Нұрлан Шүкілдіков, Қайрат Ақшанов есімді үш азамат қана күдікті деп танылған екен.

Екінші көлікте болған қалған төрт адамды да солардың қатарына қосу керек деген ол істің әділ тергеліп жатқанына күмән келтіріп отыр.

"Орталық аппаратта 17 тергеуші бар. Олардың екеуін ертең Қарағандыға жіберемін. Олар сіз айтқан мәселелердің барлығын тексеріп, жергілікті тергеушілердің жұмысына баға беруі тиіс. Әрі қылмыс орнына шұғыл тергеу тобының неліктен кеш жеткені де анықталады. Негізі олар ауа райы нашар болса да, тікұшақпен бірден жетуі керек болған", -деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel