RU
Маңғыстауда такси жүргізушісі жолаушының 30 мың теңгесін алып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Маңғыстауда такси жүргізушісі жолаушының 30 мың теңгесін алып кеткен

Рассказать Вконтакте

Маңғыстауда такси жүргізушісі жолаушыны тонап кетті деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: auto.mail.ru

Көрнекі фото: auto.mail.ru

Наурыздың 9-нан 10-на қараған түні такси жүргізушісі және оның ағасы жолда тұрған жолаушыны көліктеріне мінгізіп алған. 

Олар көлікке мінген азаматты діттеген жеріне жеткізудің орнына Өмірзақ ауылына апарып, 30 мың теңге мен "Тайота Прада" көлігінің кілтін тартып алған.

Дәл сол түні Ақтау полиция басқармасының кезекші бөліміне тағы да қоңырау шалынады. Белгісіз көлік жүргізушісі бір азаматты "Грин парк" құрылысына апарып, 150 мың теңге және бағалы заттарын күштеп алған.

Жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері қылмысты ізін суытпай ашты. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel