RU
Instagram мен Facebook әлем бойынша істен шықты
Жаңалықтар Әлемде

Instagram мен Facebook әлем бойынша істен шықты

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Instagram мен Facebook-те техникалық ақау орын алып, әлеуметтік желілер істен шықты. Бұл жағдай әлем бойынша миллиондаған адамды алаңдатып қойды. Өз парақшаларына кіре алмаған көпшілік бірден дабыл қағып, желілердің жұмысына наразылығын білдірген деп жазады vedomosti.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ppstatic.pl

Фото: ppstatic.pl

Facebook қолданушылары өз жеке парақшалары мен барлық қосымшаларға кіре алмай жатқанын хабарлауда.

Ал Instagram-ға тіркелген жұртшылық жеке парақшасымен қоса жаңалықтар лентасы мүлде жаңартылмай жатқанын жеткізді.

Бұл жағдай, барша әлем мемлекеттерінде орын алып жатыр екен. Facebook-тегі ақаудан АҚШ, Филиппин, Ұлыбритания мен Нидерланд секілді елдер жапа шегіп жатса, Instagram-ның істен шығуы Еуропа мемлекеттерінде басым болған.

Оған қоса, WhatsApp месенджерінің жұмысында да ақау байқалған. Онда сурет немесе мәтін түріндегі хабарламаны жіберуде қиындықтар туындағаны белгілі болды.

Қазақстанда да аталмыш әлеуметтік желілер кеше кешкі уақыттан бастап дұрыс жұмыс істемей тұр.

Миллиондаған адам қолданатын желілерде ақау болуының нақты себебі әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel