RU
Ресейде үш сәби қайтыс болған аналарының жанында бірнеше күн отырған
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде үш сәби қайтыс болған аналарының жанында бірнеше күн отырған

Рассказать Вконтакте

Санк-Петербург қаласының орталығында орналасқан коммуналды пәтерден өлі әйелдің денесі табылды. Оның үш кішкене баласы бірнеше күн бойы оның жанында отырған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресейде үш кішкентай бала өлген анасының жанында бірнеше күн отырған

Көрнекі сурет: real-vin.com

Наурыз айының басында пәтерде тұратын тұрғындардың балаларға қамқорлық көрсету органына хабарласып, көрші әйел үйінен сирек шығатынын, балалары үнемі жылайтынын хабарлаған.

Әйелдің денесінен зорлық іздері табылмаған. Неден өлгені анықталып жатыр.

Төрт пен екі жасар ұлдар мен тоғыз айлық қыз бала қазір ауруханаға жеткізілді.

"Балаларға күтім жасалмағаны көрініп тұр. Бір ұл баланың дамуында кешуілдеу белгілері байқалады ", - деді ведомство өкілдері.

Балалардың әкесі бөлек тұрады. Оларды өзінің қасына алуға әзір екенін мәлімдеген.

1981 жылғы әйел адамның өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel