Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, көпбалалы жанұя далада қаңғып қалды (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, көпбалалы отбасы далада қалды. Өрт кезінде бес бала мен анасы үйде болған деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбелік көпбалалы отбасы өрт салдарынан далада қалды (фото)
Фото: mgorod.kz: Facebook

Отбасы 15 жастағы үлкен қыздарының арқасында аман қалыпты. Жасөспірім көршілерінің үйіне барып, қайтып келгенде үйлері отқа оранғанын көрген.

Ақтөбелік көпбалалы отбасы өрт салдарынан далада қалды (фото)
Фото: mgorod.kz: Twitter

Анасы терезені сындырып, төрт баланы далаға шығарған.

Ал бес жасар қызын алып шығайын деп жатқанда улы газға тұншығып, есінен танып қалыпты.

"Қызым дер кезінде үйге оралған. Үлкен қызым әйелім мен қызымды алып шықты. Мен жұмыста болғанмын", - деді отағасы Зейнолла Бекмағамбетов.

Отбасының барлық құжаттары мен мүлкі өртеніп кеткен.

Ақтөбелік көпбалалы отбасы өрт салдарынан далада қалды (фото)
Фото: mgorod.kz: Twitter

Ақтөбе әкімшілігі отбасына уақытша пана ретінде екі бөлмелі пәтер берген. Сонымен бірге, үй тұрғызу үшін жер бөлетіндерін, үйді тұрғызуға көмектесетін демеушілер іздестіріліп жатқандарын мәлімдеді.

Көпбалалы отбасында отағасы ғана жұмыс істейді. Әйелі бала тәрбиесімен айналысады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1783392-aktbede-trgyn-j-rtenip-kpbalaly-zana-dalada-kagyp-kaldy-foto/

pixel