RU
Жамбыл облысында есірткі бизнесімен айналысқан екі келіншек ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жамбыл облысында есірткі бизнесімен айналысқан екі келіншек ұсталды

Рассказать Вконтакте

Есірткі кәсібімен күрес басқармасының қызметкерлері 38 жастағы Қырғызстан азаматшасын тұтқындады. Ол каннабисті шекарадан алып өтпек болған кезінде ұсталған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды «NewTimes.kz» cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lawyer-expert.ru

Фото: lawyer-expert.ru

Есірткі бизнесімен айналысқан келіншек "Қордай" өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны өтпек болған кезде қолға түскен.

Тінту барысында одан үш келі 900 граммды құрайтын есірткіге толы төрт қап тәркіленген.

Қазіргі таңда әйел адам өз кінәсін толықтай мойындап, Қордай ауданының уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Оған қоса, есірткі кәсібімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижесінде зиянды заттарды сатумен айналысқан тағы бір келіншек анықталды.

Шу тұрғынының үйінен салмағы бір келі 222 грамм болатын кептірілмеген марихуана мен гашиш тәркіленген.

Күдікті әйел де өз кінәсін мойындап, Шу аудандық уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бүгінде бұл іске қатысты тергеу басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel