RU
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының тұрғындары арасындағы қақтығыс 13 наурыз күні екі ел шекарасында болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды

Көрнекі фото:ABC News

Оқиға Кожогарда болған. Қақтығысқа Баткен ауданы Ақсай ауылының және Мехнатабад ауылының тұрғындары қатысқан. Бұған Ақ-Сай – Тамдық айналма жолының салынуы себеп болған.

Ақпарат бойынша, қақтығысқа Тәжікстанның 70 азаматы және қызғызстандық 50 азамат қатысқан. Олар бір-бірін таспен атқан көрінеді.

Оқиға орнына екі елдің шекарашылары келіп, әскерилердің көмегімен жанжал басылған

Дегенмен қызғыстандық тарап Ақ-Сай жолын жауып тастапты, ал тәжікстандықтар өз кезегінде Торт-Кочо жолын жапты.

Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған. Мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталмыш жайтқа байланысты Қырғызстан және Тәжікстанның шекара өкілдерінің кездесуі өткізілді. Тараптар тәжік-қырғыз шекарасындағы ахуалды тұрақтандыру жөнідегі келісімге келді.

Баткендік шекара жасағының жеке құрамы күшейтілген күзет түріне ауысқаны хабарланды.

Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан бір адам жарақатпен Самаркандек ауруханасына жеткізілген.

Sputnik Тәжікстанның мәліметінше, екі ел шекарашылары адамдарды басу үшін ескертпе оқ атқан.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel