RU
The World's Best: Димаш көрермендер таңдауы бойынша жеңіске жетті (видео)

The World's Best: Димаш көрермендер таңдауы бойынша жеңіске жетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайберген жас орындаушыларға жол беріп, The World's Best байқауынан өз еркімен кеткеніне қарамастан, көрермендердің дауыс беруі бойынша жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтық сайыста Solo Music санаты бойынша Димаш Құдайберген, 12 жастағы Данэлия Тулешова және үндістандық күйсандықшы Лидиан Надхасвар бақ сынауы тиіс болған.

Алайда жеңімпазға басты үміткер атарнған Димаш қазылар алқасына өз еркімен байқаудан кететінін хабарлады.

Танымал әнші бұл әрекетін жастарға жол бергісі келетіндігімен түсіндірген.

Алайда шоу бойы берілген көрермендер даусының нәтижесі бойынша Димаш Құдайберген жеңіске жетті.

"Сіздер дауыс беріп, байқау жеңімпазы анықталды. Құттықтаймыз!", - деп жазылды байқаудың ресми Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
31
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel