RU

Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта жалғастырды

Қазақстандық халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйедегі ақаудан соң, өз жұмысын қайта жандандырды. Бұл туралы ІІМ-не қарасты әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: alau.kz
Фото: alau.kz: UGC

ІІМ-нің әкімшілік полиция комитеті Facebook желісінде халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын штаттық режимде жүргізіп жатқанын мәлімдеген.

«Барлық ХҚКО-тары мен әкімшілік полициясының барлық тіркеу-емтихан бөлімшелеріндегі көліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру сынды мемлекеттік қызметтер штаттық режимде іске асырылып жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" , - деп жазылған жазбада.

Еске сала кетейік, орын алған техникалық ақау салдарынан еліміздің барша ХҚКО-тар жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783424-halykka-kyzmet-krsetu-ortalyktary-z-zmysyn-kajta-zalgastyrdy.html