RU
Данэлия Тулешова The World`s Best жобасының финалына өтпей қалды (фото,видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Данэлия Тулешова The World`s Best жобасының финалына өтпей қалды (фото,видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар The World`s Best жобасында жеңісті индиялық пианист Лидиан Надхасварамуға беріп қойды. Отандасымыз Данэлия Тулешова байқаудың финалына өтпей қалса, Димаш Құдайберген жас өнерпаздарға жол беріп, жобадан өз еркімен кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Америкалық шоудың ақтық сынында Данэлия Тулешова әкесінің ең сүйікті әні "What About Us"-ты орындады. Алайда, өкінішке орай әнші қыз финалға өте алмай қалды. Қазылар алқасы жеңісті 12 жастағы индиялық қатысушыға берген.

Димаш Құдайберген / Лидиан Надхасварам. Скриншот: YouTube

Димаш Құдайберген / Лидиан Надхасварам. Скриншот: YouTube

The World`s Best жобасының жеңіспазы Лидиан Надхасварамның өнер көрсеткен сәті шоудың YouTube-арнасында жарияланған.

Айта кетерлігі, Қазақстан бұл жобада жүлдесіз қалмады.

Көрермендер дауысы бойынша Димаш Құдайберген сенімді түрде жеңіп, халықтың ыстық ықыласына ие болған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel