RU
Қазақстандықтар жемқорлықты хабарлау арқылы қандай пайдаға кенеледі?

Қазақстандықтар жемқорлықты хабарлау арқылы қандай пайдаға кенеледі?

Рассказать Вконтакте

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жақында парамен мектеп директоры, әкімшілік қызметкері және прокуратура маманы ұсталғанын мәлімдеді. Жемқорлық фактісі туралы тұрғындар call-орталығы арқылы хабарлағанын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстандықтар мемлекеттік органдағы қызмет тәртібін бұзу немесе жемқорлық фактісі туралы 1424 тегін нөміріне хабарласа алады. Ұлттық бюро әрбір хабарламаны қарастырады.

Еліміздің тұрғындары жемқорлық фактісін хабарлай отырып, әрбір ақпарат үшін соттан кейін 30-100 АЕК арасында сыйақы алатын болады.

Жақында call-орталығы арқылы түскен хабарламадан кейін, мектеп директорын, әкімшілік қызметкерін және прокуратура маманын құрықталған.

10 қаңтар күні Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі №131 мектеп директоры арызданушыдан жұмысқа алғаны үшін 50 мың теңге пара алу үстінде құрықталған.

27 ақпанда Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдық округінің әкімшілік қызметкері жеке тұлғадан жәрдемақысын рәсімдеу үшін 20 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды.

2 наурызда Бас прокуратураның ішкі тексеру департаментінің операциясы барысында Қордай аудандық прокуратурасының қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel