RU
"Шашын жұлдым": Ашулы келіншек намазхан күйеуінің тоқалын ұрып тастаған
Жаңалықтар Қоғам

"Шашын жұлдым": Ашулы келіншек намазхан күйеуінің тоқалын ұрып тастаған

Рассказать Вконтакте

Намазхан жігітке тұрмысқа шығып, айтқанының бәріне көнген келіншек бүгінде төркінінде тұрып жатыр. Екі жыл бала көтере алмаған ол жұбайының тоқал алғанына қатты ренжіген. Тіпті, бір айдан соң шыдамы таусылып, күйеуінің екінші әйелін аяусыз ұрып тастаған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: publy.ru

Көрнекі фото: publy.ru

Келіншектің айтуынша, ол тұрмысқа шыққан соң екі жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Осы уақытта дінге берілген жұбайының достары оны екінші әйел алуға көндіріпті.

"Қасындағы жолдас достарының екі-үш әйелі бар еді, бірақ отырыс болса, тек бәйбішелерін алып келетін. Менiң жолдасыма да сол достары ақыл айтқан, екі әйел алуың керек, ол парыз деп үгіттеді. Сосын ол маған келiп: "Жаным ренжiме, солай екiншi әйел алуым керек, сенi тастамаймын, сүйемiн" дедi", - деп баяндады келіншек.

Осылайша, жұбайының тоқалы базарда сауда жасайтын жас қыз екені белгілі болады. Ол әйелінен жалықпағанын, алайда екінші әйел алу тек парыз екенін алға тартқан екен.

"Қайдағы парыз, сонда басқа әйел сенiң құшағыңда жатқанда мен қайтемін, қалай жыламаймын" десем, "сен тегi имансыз әйел болып кеттің, сенi бақсам болды емес пе, көнсең де, көнбесең де, мен екінші әйел аламын, танысып та үлгердім, иманды қыз" деп қоймады", - дейді келіншек.

Әйел адамның айтуынша, күйеуі тоқал алған соң бірінші әйелінен бөлек тұра бастапты. Шыдамы таусылған әйел бір айдан соң күйеуі басқа қалаға кеткенде тоқалының үйіне барған екен.

"Шашын жұлып, ұрып-ұрып кетіп қалдым. Ішiмде бар ыза-кек бар едi, қатты ашумен бардым. Бірақ, осыдан кейін менi ата-енем де, куйеуiм де мүлде кешірмеді. Талақ  айтып, ажырастық", - деп түйіндеген ол әңгімесін.

Мұндай азапқа көнбеген келіншек үш жылдан бері төркінінде тұрып жатқанын айтады.

Сіздің реакцияңыз
11
3
8
14
0
18
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel