RU
"Сыра королі" Төлешов ісінің прокуроры алаяқтық үшін сотталды

"Сыра королі" Төлешов ісінің прокуроры алаяқтық үшін сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты экс-прокурор Балғабай Сеңгірбаевқа үкім шығарды. Сот тергеуі барысында оның қадағалаушы органда беделді қызмет атқара отырып, материалдық әл-ауқатын заңсыз түрде түзетпек болғаны анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.yandex.ua

Көрнекі фото: news.yandex.ua

Қызметтегі құзіреттілігін пайдаланған Сеңгірбаев тергеуде жүргендердің бірінен 2 100 000 теңге алып, айыптауды жеңілдетуге уәде берген.

Алайда, ол ақша алған соң бірден ұсталды. Тергеу барысында прокурор өз кінәсін толық мойындап, прокуратурамен процессуалды келісімшарт бекіткен.

Оның әрекеттері лауазымды тұлғаның алаяқтыққа оқталуы (Қылмыстық кодекстің 24-бап, 3- бөлімі; 190-бап, 3- бөлім, 2-тармағы) ретінде тіркелді.

Сеңгірбаев дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылған.

Қорытынды процессуалды келісімшартты есептегенде сотталушыға өзі заңсыз алмақ болған ақшадан жеті есе көп сома - 14 700 000 теңге айыппұл төлеу жазасы бекітілді. Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетерлігі, Балғабай Сеңгірбаев - телеарналар мен БАҚ-та бой көрсеткен Шымкенттің әйгілі прокурорларының бірі.

Ол қоғамда қызу талқыға түскен Тоқтар Төлешовтің, Серікжан Сейтжановтан жеті млн доллар бопсалаған кәсіпкердің және тағы да басқа істерде мемлекеттік айыптаушы болған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel