RU

Түркістанда 10-ға жуық ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталып қалды

Түркістанда жергілікті тұрғын қалалық полиция бөліміне белгісіз біреулердің дүкен есігін бұзып кіріп, азық-түліктер мен жарты милиионнан астам ақшаны қолды еткендігін айтып, арызданған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: letusclaim.com
Көрнекі фото: letusclaim.com: Depositphotos

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "ұрлық" бойынша арызды тіркеп, қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобын құрған.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің түр-тұлғасын анықтау үшін аулаларды аралап, тұрғындардан сұрақ жауап алып, нәтижесінде күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ұсталған.

Тергеу барысында күдіктінің бөтеннің мүлкін ұрлаудың 10-ға жуық жайтына қатысы бар екендігі анықталған. Қазіркүдікті қамауға алынды.

"Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі миллионнан астам теңгені құрап отыр. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783481-trkistanda-10-ga-zuyk-rlykka-katysy-bar-kdikti-stalyp-kaldy.html