RU
Алматыда дәрігерлер есте сақтау қабілетін жоғалтқан науқастың жақындарын іздеуде (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда дәрігерлер есте сақтау қабілетін жоғалтқан науқастың жақындарын іздеуде (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері есте сақтау қабілетін жоғалтқан науқас әйелдің туыстарын іздестіруде деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Әйел адамды ауруханаға 7 наурыз күні алып келген. Оны жедел жәрдем дәрігерлері көшеден тауып алыпты.

Науқастың жағдайы сол уақытта ауыр болған.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, есте сақтау қабілетін жоғалтқан науқас дұрыс сөйлей алмайды.

Оның жағдайы ауыр болғандықтан жансақтау бөліміне ауыстырыпты.

Дәрігерлер тексеру барысында әйелдің өкпесі қабынғанын анықтады.

Науқас астан бас тартқандықтан, дәрігерлер арнайы құрылғы арқылы тамақтандыруды жөн санаған.

Мамандар әйелдің есімі жобамен Надежда Девина екенін айтты. Ол Шығыс Қазақстан облысынан болуы мүмкін.

Алматы қаласы көпсалалы клиникалық ауруханасының директоры Жұмахан Молдақұловтың сөзінше, қазіргі уақытта науқасты қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әйел үшін арнайы психологиялық көмек тобы шақырылды. Науқастың есте сақтау қабілетінен айырылуы оның тұйықтығынан екендігі анықталған.

Егер дәрігерлер әйелдің жақындарын таба алмаған жағдайда, олар әлеуметтік көмекке жүгінбек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel