RU
Ақтөбеде 800 мың теңге төлеп оқитын болашақ дәрігерлерге дәретхана жуғызған (видео)

Ақтөбеде 800 мың теңге төлеп оқитын болашақ дәрігерлерге дәретхана жуғызған (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы медициналық университетте шу шықты. Миллионға жуық ақша төлеп, білім алып жатқан студенттерге университет басшылары дәретхана жуғызған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 800 мың теңге төлеп оқитын болашақ дәрігерлерге дәретхана жуғызған

Фото:KAZ.NUR.KZ

Оқытушының студенттен дәретхананы жууды талап етіп жатқан видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Видео астындағы жазбада: "Марат Оспанов атындағы БҚМУ стоматология кафедрасының меңгерушісі Ораз Райса Мұхадесовқызы. 800 мың теңге оқу ақысын төлегеніміз аздай дәретхана тазартамыз", - делінген.

Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеттің баспасөз қызметі бұл жағдай білім ордасындағы стоматология факультетінде болғанын растап отыр.

"Осы фактіге сәйкес Марат Оспанов атындағы БҚМУ басшылығының шешімімен стоматология факультетінің оқу алаңын кеңейту бойынша шаралар қабылданып, үш қосымша қабат бөлініп, симуляциялық орталық ашылғанын хабарлаймыз.
Осы ғимаратта бөлмелерді жөндеу жұмыстарына байланысты профессор-оқытушылар құрамы мен жоғары курс студенттерінің қатысуымен сенбілік күнін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта университет ректоры Ербол Бекмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық жағдайларын түсіндіруге болатын комиссия құрылды. Оның жұмысының нәтижелері тиісті шараларды қабылдайды", - деп хабардар етті университеттің баспасөз қызметі.

Ал факультет деканы ғылым кандидаты бола тұра еден жуғанын мәлімдеді.

"Бұл жағдай бір-екі күн бұрын болды. Мұны желіге салып жібергеннен гөрі деканатқа айтып хабарлау керек еді. Әріптестерді жинап, мәселені шешер едім. Мен ешкімнің жағында емеспін. Студенттің де, оқытушының да әрекетін қолдамаймын. Мен де оқытушы болдым. Ғимараттың ашылуы кезінде ондай жұмыстарды біз де жасадық. Ғылым кандидаты бола тұра қолыма шүберек алып, еден жудым. Ол кезде жаңа ашылып жатқан ғимаратымызға президент келетін болған. Айналамыз таза болу үшін мен де сондай жұмыс жасадым", - дейді интернатура және резидентура деканы Роза Нұрғалиева.

Қазір медициналық университетте миллиондап ақша төлеп жатқан студенттерге дәретхана жуғызу фактісіне байланысты ішкі тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
27
0
3
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel