RU

Сенатор қазақстанық полицейлерге арнайы таяқшасын қайтаруды сұрады

Сенатор Георгий Ким еліміздің премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жол полициясына арнайы таяқтарын қайтаруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: kolesa.kz
Көрнекі фото: kolesa.kz: Depositphotos

Кимнің айтуынша, мұндай сұранысқа депутаттарымыздың аудандардағы кездесулері, бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мен статистикалық мәліметтер негіз болған.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде жол-патрульдік қызметкерлерімен текетірес жағдайлары тіркелген. Осыған байланысты таяқты тек жол қозғалысын реттеу үшін қолданудың мәселесін қарастыру ұсынылады", - деді сенатор Георгий Ким

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазақстандық полиция қызметкерлеріне арнайы таяқтарын қолдануға тыйым салынды.

Осыдан кейін депутаттар бірнеше рет шешімді өзгертуге тырысқанмен, нәтижеге қол жеткізе алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1783509-senator-kazakstanyk-policejlerge-arnajy-taaksasyn-kajtarudy-srady.html